![«Сочи-2014» күнделігін бірге көрейік!](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78542.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Сочи Олимпиадасының ашылу салтанаты өтеді. Әлемдік додада бақ сынайтын ел спортшыларының дайындығын, жеңісін Ұлттық арнамен бірге 12.25-те және 23.20-да «Сочи-2014» күнделігінен тамашалай аласыздар.
Айта кету керек, могулден іріктеу турнирінде Юлия Галышева алтыншы орынға ие болып, 8 ақпан күні өтетін финалға жолдама алды. Тағы бір қазақстандық спортшы Дарья Рыбалова ақтық бәсекеге өту үшін екінші іріктеу кезеңіне қатысады.
Олимпиаданың ашылу салтанатын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде 21:50-де көрсетеді.
|
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Сочи-2014» күнделігін бірге көрейік!&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/23179/)