Сочиде XXII Қысқы Олимпиада ойындары 3,5 мың дүркін атылатын отшашумен ашылады. Дүбірлі доданың ашылу салтанаты бүгін «Фишт» Олимпиада стадионында Астана уақытымен сағат 22:14-те басталады.
Мұндағы қойылымдарға би, балет, акробатика, цирк нөмірлерін қосқанда жоғары және орта оқу орындарында білім алатын барлығы 3000-нан астам жас, сондай-ақ, кәсіби шығармашылық ұжымдары қатысады. Шараға қатысушылар үшін 6000-нан астам костюм тігілген.
Ұйымдастыру комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, спортшылар сахнаға стадион орталығында орналасқан 48 метрлік арнайы қалқа арқылы көтеріледі. Ұлттар шеруіне 88 делегация өкілдері қатысады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сочи-2014 үш мың дүркін атылатын отшашумен ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/23201/)