![Тау шаңғысынан неміс қызы топ жарды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78664.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Сочи Олимпиадасында тау шаңғысының суперкомбинация бағдарламасының «алтынын» неміс қызы Мария Хёфль-Риш жеңіп алды. Ол құлдилау түсу және слалом кезеңдері бойынша 2 минут 34,62 секундты көрсетті.
Австриялық Николь Хосп (2.35,02) «күмісті», америкалық Джулия Манкусо (2.35,15) «қоланы» иеленді.
Айта кетейік, Мария Хёфль-Риш Ванкувер-2010 Олимпиадасының екі дүркін жеңімпазы. Ол төрт жыл бұрын слалом және суперкомбинация бәсекесін бағындырған еді.
|
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тау шаңғысынан неміс қызы топ жарды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/23423/)