Фуркад – чемпион, Савицкий – 29-шы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фуркад – чемпион, Савицкий – 29-шы

10.02.2014
Фуркад – чемпион, Савицкий – 29-шы
  Сочи Олимпиадасында 12,5 шақырымға созылған биатлон бәсекесінде француз Мартен Фуркад Олимпиада чемпионы атанды. Ол оқ атудан бір рет мүлт кетіп, қашықтықты 33 минут 48,6 секундта жүріп өтті.
 
«Күмісті» чех Ондржей Моравец, «қоланы» тағы бір француз Жан-Гийом Беатрикс иеленді.
 
Қазақстандықтар  Ян Савицкий 29-шы, Сергей Наумик 58-шы орыннан көрінді.
 
Биатлон. 12,5 шақырым. Ерлер. Олимпиада ойындары. Сочи, Ресей.
1. Мартен Фуркад (Франция) 33:48.6
2. Ондржей Моравец (Чехия) +14.1
3. Жан-Гийом Беатрикс (Франция) +24.2
 
29. Ян Савицкий (Қазақстан) +2:08.4
58. Сергей Наумик (Қазақстан) +6:17.9

Хабарламаларға жазылу