![Бүгінгі күннің бәсекесі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78676.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Сочиде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 5 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Олар фристайл, шорт-трек, тау шаңғысы және конькимен жүгіру. Шорт-тректен ерлер 1500 метрлік бәсекені Астана уақыты бойынша 15.45-те бастаса, әйелдер 16.30-да 500 метрлік жарыс жолына шығады.
Бұл жарыста ел намысын Айдар Бекжанов пен Денис Никиша және Инна Симонова қорғайды.
Ал, 19.00-де қазақстандық конькимен жүгіруші Роман Креч 500 метрлік бәсекеде бақ сынап көрмек. 20.00-де могул бойынша Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков және Дмитрий Бармашов іріктеу кезеңіне қатысады. 20.45-те шана спорты жарысына Елизавета Аксенова қатысады.
Ал биатлоннан 12,5 шақырымдық із қуу сайысында Ян Савицкий мен Сергей Наумик ойын көрсетпек. Бұл жарыстарды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде ұсынады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгінгі күннің бәсекесі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/23447/)