![Денис Тен Олимпиададағы өзінің басты қарсыласын атады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78779.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен өзінің сайыс алдындағы көңіл-күйі туралы айтты.
«Мен кішкене толқып жүрмін! Алайда мен қазақстандықтардың, жанұям мен достарымның қалай қолдап жатқанын білемін. Бұл қолдау мені қатты жігерлендіруде! Ал басты қарсылас, ол әрине – өзім. Кез келген спортшы өзінің ішіндегі толқу мен қорқынышты еңсерген кезде ғана, медальдар туралы айта алады» - дейді жас спортшы.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Дениспен қатар Абзал Рақымғалиев те сынға түседі. Олардың қысқа бағдарламасын Астана уақытымен 21:00-де «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.
|
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Денис Тен Олимпиададағы өзінің басты қарсыласын атады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/23658/)