![Конькимен жүгіруші Денис Кузин жүлдесіз қалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78849.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Конькимен жүгіруші Денис Кузин Сочи Олимпиадасында 1500 метрлік қашықтықты 9-шы орында аяқтады. Қазақстандық спортшы қашықтықты 1 минут 45,69 секундта өтті. Ол жарыс жеңімпазы польшалық Збигнув Брудкадан 0,69 секунд қана қалып қойды. Брудка мәреге голландиялық Кун Вервейден 0,003 секунд ерте келді.
Осы қашықтықта жүгірген Дмитрий Бабенко 30-шы, Александр Жигин 34-ші және Федор Мезенцев 35-ші орынды иеленді.
Конькимен жүгіру. 1500 метр. Ерлер. Олимпиада ойындары. Сочи, Ресей.
1. Збигнев Брудка (Польша) 1:45.006
2. Кун Вервей (Голландия) +0,003
3. Денни Моррисон (Канада) +0.22
9. Денис Кузин (Қазақстан) +0.69
30. Дмитрий Бабенко (Қазақстан) +3.67
34. Александр Жигин (Қазақстан) +4.48
35. Федор Мезенцев (Қазақстан) +4.70
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Конькимен жүгіруші Денис Кузин жүлдесіз қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/23797/)