![Томас Бах: Қазақстан Ұлттық құрамасының әлеуеті мықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78852.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Қазақстан Ұлттық құрамасының әлеуеті мықты деп санайды.
«Қазақстан Ұлттық құрамасының әлеуеті мықты. Қысқы спорт түрлеріне деген құлшынысы керемет. Сондай-ақ Қазақстан 2022 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ұсыныс білдірді. Осы орайда, сіздердің спортшыларыңыз бен спорт ұйымдарыңыздың жетістігінің көрсеткіші аталған ұсыныстың күшін еселендіре түсетінін түсіну керек», - деді Томас Бах.
«Сіздер өздеріңіздің күш-жігерлеріңізді соған жұмылдырып, сол мақсатта жұмыс істеулеріңіз керек. Танысқан жоспарларға қарап, олардың жақсы жасалғанын айта аламын», - деді ол.
Томас Бах Сочидегі қазақстандық қонақжай үйінде болып, 2022 жылғы Алматыдағы Олимпиада ойындары мен ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізу жобаларымен танысты, деп хабарлайды inform.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Томас Бах: Қазақстан Ұлттық құрамасының әлеуеті мықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/23803/)