![Дарья Домрачева Сочи Олимпиадасының үшінші «алтынын» алды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78873.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Беларусь биатлоншысыДарья Домрачева 12,5 шақырымға созылған масс-стартта жеңіске жетіп, Сочи Олимпиадасындағы үшінші алтын медальді иеленді.
Нысана көздеуден бір рет мүлт кеткен спортшы бұл қашықтықты 35 минут 25,6 секундта өтті. Чехиялық биатлоншы Габриэла Соукалова (+20,2) екінші орынды місе тұтты. Қола медаль норвегиялық Тириль Экхоффқа (+27,3) бұйырды.
Бұған дейін, Дарья Домрачева Сочиде жекелей сында және із қуалау жарысында жеңіске жетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дарья Домрачева Сочи Олимпиадасының үшінші «алтынын» алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/23847/)