![Қазақстандық шорт-трекшілер эстафеталық жарыста бесінші орын алды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78922.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Сочи Олимпиадасында Қазақстанның шорт-тректен ерлер құрамасы 5000 метрлік эстафетада бесінші орын алды.
Қазақстан құрамасының сапында Абзал Әжіғалиев, Айдар Бекжанов, Денис Никиша және Нұрберген Жұмағазиев жүгірді.
Біздің спортшылардың қарсыластары – Ресей, АҚШ, Голландия және Қытай құрамалары болды. Жарыстың басында Голландия және Қытай спортшылары сүрініп, қалғандары алға ұзап кеткен еді. Алайда қазақстандық шорт-трекшілер үшінші орынды сақтап қала алмады.
Мәреге бірінші Ресей, ал екінші АҚШ спортшылары жетті. Үшінші орында – Қытай құрамасы. Қазақстандық шорт-трекшілер бесінші орынды қанағат тұтты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық шорт-трекшілер эстафеталық жарыста бесінші орын алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/23946/)