![Денис Тен: Ю На Ким маған ұнайтын спортшының бірі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78940.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Сочи Олимпиадасында Қазақстан қоржынына жалғыз қола медальді салған 20 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Ванкувер Олимпиадасының чемпионы, кореялық спортшы қыз Ю На Киммен қарым-қатынасы жөнінде айтып берді.
«Мен жеке өмірімді құпия ұстауды жөн санаймын. Көрсетілімдік шарада жолым болып, Ю На Киммен бірге биледім. Ол атақты және маған ұнайтын спортшылардың бірі. Мен оны Әлем чемпионатынан бастап бақылап жүрмін. Біз бір-бірімізді бірнеше жылдан бері білеміз. Мен үшін онымен бірге билеу құрмет болды. Ол мықты спортшы ғана емес, тартымды қыз», - деді Денис Тен.
Айта кету керек, Сочи Олимпиадасындағы көрсетілімдік шарада Денис Тен мен Ю На Ким жұптасып биледі. 23 жастағы оңтүстіккореялық мәнерлеп сырғанаушы Сочи Олимпиадасында күміс медаль алды. Ол тек ресейлік Аделина Сотниковаға есе жіберді.
Сонымен қатар, Ю На Ким екі дүркін Әлем чемпионы (2009, 2013), төрт құрлықтың чемпионы (2009), Гран-при финалының үш дүркін чемпионы (2006, 2007, 2009) және жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы (2006).
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Денис Тен: Ю На Ким маған ұнайтын спортшының бірі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/23983/)