![Б.Шүменов 19-ші сәуірде жекпе-жекке шығады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78947.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бокстан WBA тұжырымындағы жартылай ауыр салмақтағы Әлем чемпионы Бейбіт Шүменов шаршы алаңдағы кезекті кездесуін америкалық Бернард Хопкинске қарсы өткізеді.
Бұл бәсеке 19 сәуірде АҚШ-та өтеді деп жоспарланған. 49 жастағы америкалық спортшы IBF тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, кәсіпқой бокста 64 жекпе-жек өткізіп, оның 54-де жеңіске жетсе, 6-да жеңілген.
Ал, Бейбіт Шүменов 14 кездесу өткізіп, 1 рет жеңілген. Жерлесіміз бұл жекпе жекті спорттық ғұмырындағы ең қиын кездесу болатындығын айтқан.
Рүстем БАЙДӘУЛЕТОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Б.Шүменов 19-ші сәуірде жекпе-жекке шығады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/23998/)