![Чемпиондар лигасы:«Зенит»-«Боруссия»](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78953.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында санктпетербургтік «Зенит» өз алаңында дортмунттық «Боруссияны» қабылдап, 4:2 есебімен жеңілді. «Петровский» стадионында өткен тартысты бәсекеде ең алғашқы голды 4-ші минутта Генрих Мхитарян салды.
Арада 1 минут өткенде, Марко Ройс есепті еселеді. Ал екінші таймда «Зенит» сапындағы Олег Шатов «Боруссия» қақпасынан саңылау тапты. Бірақ, бұл көрсеткіш ұзаққа созылмады. 61 минутта Роберт Левандовский гол соғып, командасына 3-ші голды сыйлады. 69 минутта «Зенит» сапындағы Халк пенальтиді сәтті орындап, есепті 3:2 жеткізсе.
Левандовский тағы гол соғып, дубль авторы атанды. Қорытынды есеп – 2:4. Сондай ақ, «Олимпиакос» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Чемпиондар лигасы:«Зенит»-«Боруссия»&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24011/)