Футболдан жастар құрамасы Исландиямен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан жастар құрамасы Исландиямен кездеседі

04.03.2014
Футболдан жастар құрамасы Исландиямен кездеседі

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы ертең, 5 наурыз күні «Астана-Арена» стадионында Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Исландия құрамасын қабылдайды.

 
Қос команда арасындағы алғашқы ойында исландиялықтар өз алаңында 2:0 есебімен басым түскен болатын. Енді есе қайтаратын сәт туды. 5 кездесудің төртеуінде жеңіске жетіп, бір ойында тең түскен Исландия жастар құрамасында 12 ұпай бар.
 
Ал, қазақстандық футболшылар 6 ойынның төртеуінде жеңіліп, екі матчта ғана жеңіске жеткен. Жас спортшыларымыз алдағы ойынға тас-түйін дайын. Қазір жарыс алдындағы жаттығу жұмыстарын өткізуде. Бұл ойынды «KAZsport» телеарнасының тікелей эфирінен ертең сағат 19:00-де тамашалай аласыздар. 
 
 
 
Рүстем  БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу