![Қазақстан жастар құрамасы жеңіске жетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78967.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Осыдан бірнеше минут бұрын «Астана-Арена» стадионында Қазақстан жастар құрамасы исландиялық футболшыларымен кездесуін аяқтады. Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы ойында жерлестеріміз жеңіске жетті.
Сәкен Сейітханұлы, тілші:
Еуропа чемпионатының жастар арасындағы іріктеу кезеңінде Қазақстан жастар құрамасы өз алаңында Исландия құрамасын қабылдады. Есеп – 3:2. Қазақстан жастар құрамасы жеңіске жетті. Мұның алдындағы ойында қазақстандықтар Исландия алаңында 2:0 есебімен жеңіліп қайтқан болатын. Есеп ойынның 7-ші минутында ашылды. Гол авторы – жартылай қорғаушы Станислав Лунин. 5 минут өткеннен кейін Роман Мұртазаев екінші голдың авторы атанды. Бірінші тайм осылай аяқталды. Екінші таймның 60,67 минуттарында исландиялықтар екі гол соғып, таразы басын теңестірді. Ойынның аяқталуына 2 минут қалғанда біздің құрамадан Исламбек Қуат үшінші голдың авторы атанды. Қазақстан құрамасының ендігі кездесуі 2-қыркүйекте Франция құрамасымен өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан жастар құрамасы жеңіске жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24039/)