![Қысқы универсиада аяқталуға жақын](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78972.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қостанайда өтіп жатқан V қысқы универсиада аясында мини-футбол жарысы өз мәресіне жетті. Бастапқыда 16 команда 4 топқа бөлініп іріктеу ойындарын өткізген болатын.
Нәтижесінде, өз топтарында жеңімпаз атанған ұжымдар ақтық сында өнер көрсетуге мүмкіндік беретін жолдаманы сарапқа салды.
Финалда Қостанай мен Ақтөбе студенттері кездесті. Бұл ойында 3:1 есебімен ақтөбеліктер жеңіске жетті. Ал үшінші орын павлодарлық студенттерге бұйырды. Олар алматылықтарды 3:2 есебімен ұтты.
Индира БЕКТЕНОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қысқы универсиада аяқталуға жақын&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24050/)