![Каратэден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79011.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматыда шинкиокушинкай каратэден жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарысқа 5 мемлекеттен 38 команда келді. Азия елдерімен қатар Венгрия және Ресей құрамаларының кіл мықтылары жиналды.
Мұндай кең көлемдегі жарыс Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарыстың қорытындысы бойынша 9 алтын, 6 күміс және 12 қола медальді иеленген Берік Қабулов атындағы федерацияның командасы жалпыкомандалық есепте бас жүлдені жеңіп алды.
Екінші орында Астана ұжымы болса, үздік үштікті Новосибирскіден келген каратэшілер түйіндеді. Сайыстың мақсаты - Азия елдері арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, жастар арасында спортқа деген қызығушылықты арттыру.
Болат Бақтаев, шинкиокушинкай каратэден Берік Қабулов атындағы федерация президенті:
Жарысқа 500 спортшы қатысты. Бірінші рет Венгрия мен Тәжікстаннан келді. Келесі жылы да дәстүрлі түрде өткіземіз.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Каратэден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24130/)