![Ертең Астанада күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79041.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ертең Астанада тұңғыш рет күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалауын желбіретеді. Қатысушылар қатарында әлемде мықты саналатын Жапония, Иран, Үндістан, Моңғолия сынды мемлекеттер бар.
Жалпы есепте құрлықтық сайысқа 20 мемлекеттен 300-ден астам палуан қатыспақ. Бұл туралы бүгін өткен арнайы баспасөз мәслихатында айтылды. Спортшылар 8 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтайтын болады.
Чемпионатқа грек-рим күресінен ұлттық құрама үздіктері Нұрмахан Тінәлиев, Алмат Кебіспаев және Даниал Гаджиев қатыспайды. Бас бапкер Таңат Сағындықтовтың айтуынша, олар осы маусымның басты бәсекесіне дайындалуда.
Таңат Сағындықов, грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері:
Алда Азия ойыдары мен Әлем чемпионаты тұр. Үш палуанды сол жарысқа дайындап жатырмыз. Ең басты мақсат - Азия ойындарында жеңіске жету.
Индира БЕКТЕНОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ертең Астанада күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24191/)