![Брюссель Еуро-2020 матчын өткізуден үмітті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79048.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
EXPO өткізуде елімізге есе жіберген Бельгия бұл жолы Еуро-2020 матчтарын Брюссельде өткізуді жоспарлап отыр. Елдің Футбол федерациясының басшысы Франсуа Де КерсмакерУЕФА-ға осындай ұсыныс білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, футболдан Еуропа чемпионатын әлемнің 13 қаласында ұйымдастыру жоспарланған. Үміткерлердің қатарында Астана да бар. Байрақты бәсекеде жеңіске жету үшін Бельгия үкіметі «Астана-Арена» стадионынан кем түспейтін 45 мың орындық стадион салуы тиіс.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Брюссель Еуро-2020 матчын өткізуден үмітті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24204/)