![Алматыда дәстүрлі спартакиада өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79049.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматы қаласында дәстүрлі спартакиада мәресіне жетті. Әр саланы қамтыған мамандар спорттың 9 түрінен сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады. Бірі волейбол ойнаса, енді бірі жасыл алаңда доп тепті.
Жарыс барысында айрықша өнерімен көзге түскендер марапатталып, арнайы сыйлыққа ие болды. Спорттық шараның басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау.
«Халықтың 30 пайызы спортпен айналысуы үшін осындай шаралар қажет», дейді ұйымдастырушылар.
Бауыржан Оспанов, ұйымдастыру комитетінің төрағасы:
Стадионның мүмкіндігіне қарай спорттың 9 түрінен ұйымдастырдық.
Телжан КҮДЕРОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда дәстүрлі спартакиада өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24206/)