![Юлия Галышева спорт агенттігінің сыйақысы туралы білмейді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79066.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің басшысы Тастанбек Есентаев фристайлшы қызға 7-ші орын алғанына қарамастан сыйақы берілетінін айтқан.
«Біз Галышеваны жүлдесіз қалдырмаймыз, бізде демеушілер бар. Юлияны қолдаудың амалын табамыз» - деген еді агенттік төрағасы.
Алайда Юлия Галышева ешқандай сыйақы туралы білмейді.
«Маған берілетін жүлде туралы естіген де, оқыған да жоқпын. Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінен де ешкім хабарласпады» - деген спортшы Tengrinews.kz тілшісіне.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Юлия Галышева спорт агенттігінің сыйақысы туралы білмейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24241/)