![ӘЧ-2014: Алғашқы жартылай финалда Германия жеңіске жетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79151.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалдық кездесуі біразға дейін естен кетпестей болды. Чемпионатты қабылдап жатқан Бразилия елінің құрамасы «Минейрао» стадионында Германия құрамасынан 7:1 есебімен жеңілді.
Алғашқы голды Томас Мюллер соқты. Жылдам соғылған бұл гол бразилиялықтардың қорғанысы осы ойында өте нашар екендігін көрсетті. Екінші голды Мирослав Клозе соқты.
Әлем чемпионатында 16-шы добын соққан шабуылшы Бразилия жерінде Роналдоның рекордын басып озды. Содан кейін Тони Кросс 2 минут ішінде дубль авторы атанды.
Ал, 26-шы минутта бразилиялықтарға ес жиғызбастан, Сами Хедира есепті 5:0-ге жеткізді. Жанкүйерлердің көз жасы екінші таймда да тыйылмады.
Ойын соңына қарай Андре Шюрле дубль жасады. Ал, бразилиялықтар болса немістерге бір ғана гол соқты, авторы – Оскар. Қорытынды есеп 7-1.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ӘЧ-2014: Алғашқы жартылай финалда Германия жеңіске жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24535/)