![Лионель Месси: Мен үшін «Алтын доп» титулының еш маңызы жоқ](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79168.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2014 жылғы Әлем чемпионатының «Үздік ойыншысы» атағына мән бермейтінін айтты. Естеріңізге сала кетейік, футболдан Әлем біріншілігінің бас жүлдесі үшін болған ойында Германия құрамасы аргентиналықтарды экстра-таймда 1:0 есебімен жеңген еді.
«Егер сенің құрамаң бұл сында жеңіске жетпесе, Әлем чемпионатының үздік ойыншысы деген атақтың еш маңызы болмайды. Арманым - бұл чемпионатта жеңіске жету еді. Қақпаның кілтін табу мүмкіндіктері болды бізде, алайда, оны дұрыс пайдалана алмадық. Сол үшін өзімізді жазғырып отырмыз», - деп келтіреді Мессидің сөзін www.ole.com.ar.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Лионель Месси: Мен үшін «Алтын доп» титулының еш маңызы жоқ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24571/)