![«Маракана» стадионында фейерверк-шоу өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79170.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласының әйгілі «Маракана» стадионында футболдан Әлем чемпионатының аяқталу құрметіне фейерверк-шоу ұйымдастырылды.
Көздің жауын алатын көріністі қала жұртымен бірге, бүкіл жер тұрғындары тамашалады.
Ал, чемпионат финалында Германия құрамасы Аргентина футболшыларын 1:0 есебімен ұтып, төртінші рет Әлем Кубогын иеленді.
Лионель Месси Бразилияда өткен дүниежүзілік матчтардың ең үздік ойыншысы атанды.
Мадина МҰҚАНОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Маракана» стадионында фейерверк-шоу өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24575/)