![Сәкен Қалымов – «Алтайдың ар жағынан келген ару»](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_3186.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әні мен сөзі: Тынышбай Рақым
Қимайтын жан екенсің жат ұяға,
Қарғам-ау, кез болдың-ау қапияда, шіркін!
Қайырмасы:
Мөп-мөлдір жанарың-ай,
Жаз дидар жамалың-ай,
Қалғаным тіл қата алмай, қарағым-ай.
Қасыңа бара алмадым,
Сездің бе жан арманым,
Еріксіз, қалқам, саған ән арнадым.
Сүйсіндім сымбатыңа, қабағыңа,
Ұқсаттым асқар Алтай маралына, шіркін!
Қайырмасы:
Мөп-мөлдір жанарың-ай,
Жаз дидар жамалың-ай,
Қалғаным тіл қата алмай, қарағым-ай.
Қасыңа бара алмадым,
Сездің бе жан арманым,
Еріксіз, қалқам, саған ән арнадым.
Алтайдың ар жағынан келген ару,
Жарқ етіп қарағаның - емге дәру, шіркін!
Қайырмасы:
Мөп-мөлдір жанарың-ай,
Жаз дидар жамалың-ай,
Қалғаным тіл қата алмай, қарағым-ай.
Қасыңа бара алмадым,
Сездің бе жан арманым,
Еріксіз, қалқам, саған ән арнадым.
Баянды болсын сенің құшар бағың,
Қолыңды қош айтысып, қыса алмадым, шіркін!
Қайырмасы:
Мөп-мөлдір жанарың-ай,
Жаз дидар жамалың-ай,
Қалғаным тіл қата алмай, қарағым-ай.
Қасыңа бара алмадым,
Сездің бе жан арманым,
Еріксіз, қалқам, саған ән арнадым.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сәкен Қалымов – «Алтайдың ар жағынан келген ару» &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/246/)