![«Динамо» - «Ақтөбе»: 0-1](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79184.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында ел чемпионы «Ақтөбе» сырт алаңда тбилисилік «Динамо» командасымен кездесіп, 0-1 есебімен жеңіске жетті. «Динамо Арена» стадионында өткен ойынның бірінші таймында есеп ашылмады.
Екінші кезеңнің 51-ші минутында Данило Неко қарсылас қақпасына гол соғып, ақтөбеліктерді алға шығарды. Бұл есеп ойын соңына дейін сақталып, жерлестеріміз 1-0 көрсеткішімен жеңіске жетті. Айта кетейік, қарымта кездесу 23-шілде күні Ақтөбенің орталық стадионында өтеді. 21:00-де басталатын ойынды «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Динамо» - «Ақтөбе»: 0-1&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24604/)