![ФИФА Рейтингінде Қазақстан құрамасы 3 саты төмендеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79189.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ФИФА рейтингі бойынша футболдан ел құрамасы 3 саты төмендеп, 127-ші орынға табан тіреді. Командалардың дәрежелері туралы бір ай бұрынғы ақпараттан кейінгі есептік кезеңде Юрий Красножанның шәкірттері 1 мәрте жолдастық кездесу өткізген. Маусым айының 7-ші жұлдызында Будапешт қаласында өткен ойында жерлестеріміз жергілікті Венгрия құрамасынан 3:0 есебімен ұтылған болатын.
Индира БЕКТЕНОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ФИФА Рейтингінде Қазақстан құрамасы 3 саты төмендеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24616/)