![Геннадий Головкин баспасөз мәслихатын өткізді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79198.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
26 шілде күні Нью-Йорктегі әйгілі «Madison Square Garden» аренасында кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы Геннадий Головкин жекпе-жекке шығады. Бұл жолы оның қарсыласы - австралиялық Дэниэл Гил болмақ.
Бүгін Нью-Йоркте өткен баспасөз мәслихатында, Геннадий жекпе-жек оңайға түспейтінін айтқан. Спортшының айтуынша, екі мәрте Әлем чемпионы атанған Дэниэл Гил өте мықты қарсылас.
Айта кетейік, Геннадий Головкин ертең Нью-Йоркте екінші баспасөз мәслихатын өткізеді. Жиынға оның қарсыласы Дэниэл Гил да қатысады.
Геннадий Головкин, бокстан Әлем чемпионы:
Жарысқа әзірлік жақсы жүріп жатыр. Аяқталуға жақын. 2-3 күн қалды. Бәріміз бәсекені күтіп отырмыз. Көңіл-күйім тамаша. Барлығы да ешбір кедергісіз, ойдағыдай өтуде.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Геннадий Головкин баспасөз мәслихатын өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24636/)