«Ақтөбе» «Динамо Тбилиси» командасын 3:0 есебімен ұтты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақтөбе» «Динамо Тбилиси» командасын 3:0 есебімен ұтты (ВИДЕО)

24.07.2014
«Ақтөбе» «Динамо Тбилиси» командасын 3:0  есебімен ұтты (ВИДЕО)

Футболдан «Ақтөбе» командасы Чемпиондар Лигасы іріктеуінің екінші кезеңінде «Динамо Тбилиси» клубын қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Қос команда бірінші таймда  алма-кезек шабуылдар ұйымдастырғанымен, есеп ашқан жоқ.

Тек екінші таймының  соңына таман  Марат Хайруллиннен пас алған Алексей Антонов есеп ашты. Бұдан кейін  ойынға тыңнан қосылған  Игорь Зенькович  есепті еселеді.

Ал төрешінің ысқырығы естілер тұста Абат Айымбетов  мергендігімен танылып кездесуге нүкте қойды. 3:0 есебімен жеңіске жеткен «Ақтөбе» командасының үшінші айналымдағы қарсыласы - румыниялық «Стяуа»

 

Хабарламаларға жазылу