![Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты аяқталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79210.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына жүлде түсті.
Біріншіліктің соңғы күнінде 65 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Нартай Оразбаев ерледі. Жерлесіміз алғашқы жекпе-жекте жарыс қожайыны Орхан Таги-Заданы 20:8 есебімен, кейін АҚШ өкілі Ричард Чунгты 20:4 нәтижесімен және өзбекстандық Усломон Абдихамовты 21:9 көрсеткішімен жеңді.
Осылайша, әлемдік біріншіліктің финалында бақ сынаған Оразбаев Иран спортшысы Амри Огзен Азармен кездесіп, қарсыласына жол берді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24665/)