![Дзюдодан бапкерлердің республикалық семинары өтуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79214.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен Ақтауда дзюдо күресінің бапкерлерінің республикалық семинары басталды.
Федерация бапкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында биылдан бастап, аймақтық семинарлар ұйымдастыруды қолға алған. Ондағы мақсат - әсіресе, ауылдық жерлердегі бапкерлердің білімін жетілдіру.
Үздік спортшылардың барлығы ауылдық жерлерден шығатындығы белгілі. Сондықтан, осындай семинар арқылы жаттықтырушылар өз білгенін толықтырып отырмақ.
Михаил Щепетюк, Қазақстанға Еңбегі сіңген жаттықтырушы:
Бапкерлер үшін бұл - таптырмайтын семинар. Олар алысқа бармай-ақ, осы жерден дзюдоның жаңа ережелері туралы толық мағлұмат ала алады. Біз теорияны практикамен ұштастырып, нақты деректер береміз. Бұл бапкерлердің біліктілігін арттыру үшін қажет.
Тельжан КҮДЕРОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дзюдодан бапкерлердің республикалық семинары өтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24674/)