![Чемпиондар Лигасы. «Ақтөбе» – «Стяуа» 2:2](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79217.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Футболдан Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында қазақстандық «Ақтөбе» командасы өз алаңында Румынияның «Стяуа» футбол клубымен кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті.
Ойындағы алғашқы голды 44 минутта қонақтар сапындағы Клаудиу Кешеру соқса, 58 минутта «Ақтөбенің» ойыншысы Валерий Коробкин есепті теңестіріп үлгерді. Содан кейін қос команда тағы бір-бір гол соғып, ойын 2:2 есебімен аяқталды.
Енді қарымта кездесу 6 тамыз күні Бухарестте өтеді. Бұл ойынды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Чемпиондар Лигасы. «Ақтөбе» – «Стяуа» 2:2&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24679/)