![Чехияда волейболдан Әлемдік Гран-при жарысы өтуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79223.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Чехияның Брно қаласында волейболдан әйелдер арасында өтіп жатқан әлемдік Гран-при бәсекесінің екінші турында Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Мексика командасымен болған ойында Александр Гутор шәкірттері 3:0 есебімен басым түсті.
Кездесу басталысымен ойын тізгінін қолдарына алған жерлестеріміз бірінші партияда 25:18 есебімен басым түсіп, екінші кезеңдеде сол қарқынынан таймай 25-16 есебімен алға шықты. Ал, үшінші партияда аруларымыз мексикалық волейболшыларға еш мүмкіндік бермей, 25:19 есебімен жеңіске жетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Чехияда волейболдан Әлемдік Гран-при жарысы өтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24692/)