![«Астана» Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79235.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Футболдан Еуропа Лигасында өнер көрсетіп жатқан елордалық «Астана» футбол клубы сырт алаңда Швецияның «АИК» командасын ойсырата жеңіп, жарыстың плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Стокгольм қаласында өткен қарымта ойын 3:0 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді.
Ойындағы алғашқы голды 36-шы минутта Фокси Кетевоама салды. Ал, 54-ші минутта Дмитрий Шомко есепті еселей түсті. Кездесудегі соңғы голдың авторы - Бауыржан Жолшиев.
Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана» Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24716/)