![Жасөспірімдер арасындағы Олимпиадаға 51 спортшы барады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79241.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Тамыз айының 16-шы жұлдызында Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жалауы желбірейді.
Бұл сайыста ел намысын 51 спортшы қорғамақ. Бұл туралы бүгін өткен арнайы баспасөз мәслихатында айтылды.
Еліміздің көк байрағын ұстау құрметіне бұл жолы да боксшыларымыз ие болып отыр. Ол - 60 келіде шаршы алаңға шығатын Абылайхан Жүсіпов.
Индира БЕКТЕНОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жасөспірімдер арасындағы Олимпиадаға 51 спортшы барады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24728/)