![Хоккейден Президент Кубогын «Авангард» клубы иеленді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79245.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Финалда «Барыс» ойыншыларын ұтқан «Авангард» хоккей клубы Президент Кубогы үшін өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.
Жерлестеріміз алғашқы болып есеп ашқанымен, өз қақпаларына 5 шайба енгізіп алып, есепті теңестіре алмады.
Нәтижесінде кездесу 5:3 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.
Халықаралық турнирдің қола жүлдесі «Нефтехимик» ойыншыларына бұйырды.
Индира БЕКТЕНОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Хоккейден Президент Кубогын «Авангард» клубы иеленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24736/)