![Қазақстан волейбол құрамасы Азия Кубогын сәтсіз бастады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79265.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматыда волейболдан ерлер арасындағы Азия Кубогы жалғасуда. Топтық кезеңнің алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы үндістандық волейболшылармен кездесіп, 3:0 есебімен ұтылып қалды.
Ал, Оңтүстік Корея елінің волейболшылары 3:1 есебімен Жапония құрамасынан басым түсті. Бірінші күннің өзге кездесулерінде Иран 3:2 есебімен Тайландты ұтса, Қытай Австралия құрамасынан айласын асырды. Есеп 3:0.
Естеріңізге сала кетейік, жерлестеріміз «А» тобында Жапония, Оңтүстік Корея және Үндістан командаларымен сынға түсуде.
Индира БЕКТЕНОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан волейбол құрамасы Азия Кубогын сәтсіз бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24776/)