![Фабио Ару «Вуэльта» жарысының 11-ші кезеңінде жеңімпаз атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79302.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Астана» командасының велошабандозы италиялық Фабио Ару Испанияда өтіп жатқан «Вуэльта» жарысының 11-ші кезеңінде жеңімпаз атанды.
Ол 153 шақырымнан тұратын таулы кезеңді 3 сағат 41 минут 3 секундта бағындырды.
Екінші испаниялық «Мовистар» ұжымының спортшысы Алехандро Вальверде келсе, үшінші орынға «Катюша» командасының өкілі Хоаким Родригес ие болды.
Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Фабио Ару «Вуэльта» жарысының 11-ші кезеңінде жеңімпаз атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24851/)