![«Вуэльта» веложарысының 15-ші кезеңі аяқталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79314.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Астана» командасының велошабандозы италиялық Фабио Ару Испанияда өтіп жатқан «Вуэльта» веложарысының 15-ші кезеңі бойынша жалпы есепте 5-ші орынға көтерілді.
Ал, 152 шақырымнан құралған 15-ші таулы кезеңде жеңімпаз атағы поляк спортшысы Пшемыслав Немецке бұйырды.
Екінші орынды бұл сында «Мовистар» командасының шабандозы Алехандро Вальверде иеленсе, үшінші орынды «катюшалық» Хоаким Родригес қанағат тұтты.
Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Вуэльта» веложарысының 15-ші кезеңі аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24876/)