![ХVII жазғы Азия ойындарында еліміздің байрағын Әділбек Ниязымбетов ұстап шығады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79317.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшелері елордамызда ағылшын былғары қолғап шеберлерімен бірлескен 10 күндік оқу-жаттығу жиындарын бастады.
Инчхон шаршы алаңында Біржан Жақыпов, Ілияс Сүлейменов, Қайрат Ерәлиев, Берік Әбдірахманов, Айдар Әмірзақов пен Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы және Әділбек Ниязымбетов жұдырықтасатын болды.
Сондай-ақ, 91 және одан ауыр салмақта Антон Пинчук пен Иван Дычко жекпе-жекке шығады.
ХVII Азия ойындарының ашылу салтанатында қазақтың көк байрағын ұстап шығу құрметі Әділбек Ниязымбетовке сеніп тапсырылды.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ХVII жазғы Азия ойындарында еліміздің байрағын Әділбек Ниязымбетов ұстап шығады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24882/)