![ҚХЛ. «Сибирь» - «Барыс» - 4:1](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79331.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық «Барыс» осы маусымда екінші рет жеңілді. Астаналық ұжым сырт айдында Ресейдің «Сибирь» командасымен кездесіп, 4:1 есебімен қарсыласына жеңілді.
Жерлестеріміз ойынды сәтті бастап, 3-ші минутта Дастин Бойд алғашқы шайбаның авторы атанды. Айдын иелері болса жиі шабуылдар ұйымдастырып, 17-ші минутта есепті теңестіріп кетті. Голдың авторы Андреас Турессон.
Екінші кезеңде қос команда алма кезек шабуылдар ұйымдастырғанымен таблодағы көрсеткішті өзгерте алмады. Ойынның үшінші бөлігінде Барыс қақпасына 3 шайба соққан «Сибирь» командасы 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ҚХЛ. «Сибирь» - «Барыс» - 4:1&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/24911/)