![Инчхон-2014. Елдос Сметов – Азия ойындарының чемпионы (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79394.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов (60 келі) Инхчонда өтіп жатқан Азия ойындарының финалында моңғолиялық Болдбаатар Ганбатты ұтты.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының палуаны Елдос Сметов (60 келі) 1/16 финалда тәжікстандық Кабатулло Аминовты ұтты.
Ширек финалда гонконгтық Ю Кин Тингпен кездескен Елдос қарсыласын 110:0 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты. Ал, жартылай финалда жапон палуаны Тору Шишимені ұтқан еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Инчхон-2014. Елдос Сметов – Азия ойындарының чемпионы (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25044/)