![Инчхон-2014. Рашид Юнусметов пневматикалық пистолеттен атудан 4-ші орын алды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79408.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Азия ойындарындағы ерлер арасындағы 10 метр қашықтықтан пневматикалық пистолеттен ату жарысында кореялық Чонджыонг Ким – «алтын», қытайлық Вей Панг «күміс» еншіледі. Қола медальды тағы бір кореялық спортшы Джонго Джин алды.
Ал іріктеуде үздік нәтиже (586 ұпай) көрсеткен Рашид Юнусметов 4-ші орынға тұрақтады. Вячеслав Подлесный мен Владимир Исаченко іріктеуден өте алмай, сәйкесінше, 10-шы және 17-ші орынды иеленді.
Ату. Пневматикалық пистолет. 10 метр. Ерлер. Азия ойындары. Инчхон (Оңтүстік Корея)
1. Чонджыонг Ким (Оңтүстік Корея) — 201,2
2. Вей Панг (Қытай) — 199,3
3. Джонго Джин (Оңтүстік Корея) — 179,3
4. Рашид Юнусметов (Қазақстан) — 157,9.
Фото: issf-sports.org
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Инчхон-2014. Рашид Юнусметов пневматикалық пистолеттен атудан 4-ші орын алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25073/)