![Инчхон-2014. Қазақстандық теннисшілер Гонконг құрамасын ұтты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79411.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан теннистен ерлер арасындағы жарыстың алғашқы кездесуінде Қазақстан құрамасы Гонконг құрамасын ұтып, ширек финалға шықты.
Кортқа алғаш болып шыққан Александр Недовесов Лонг Пак Юнгтен6:1, 6:3 есебімен басым түссе, келесі ойында Михаил Кукушкин 6:1, 6:1 есебімен Давид Сафаені жеңді.
Ал, жұптық бәсекеде Михаил Кукушкин мен Александр Недовесов қарсыластары Холтинг Кевин Кунг пен Хун Чон Вонгті 6:3, 6:1 есебімен ұтты.
Енді қазақстандық теннисшілер ширек финалда Үндістан құрамасымен кездеседі. Ойын дүйсенбі, 22 қыркүйекте өтеді.
Фото: www.gotennis.ru
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Инчхон-2014. Қазақстандық теннисшілер Гонконг құрамасын ұтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25079/)