![Су добы. Қазақстан – Өзбекстан – 14:7](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79422.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Инчхонда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында қазақстандық ватерполшы қыздар екінші ойында Өзбекстан құрамасын 14:7 (1:2; 7:3; 3:1; 3:1) есебімен ұтты. Өзбекстандықтар бұған дейін Сингапур құрамасын 12:4 есебімен жеңген.
Еске сала кетейік, Ұлттық құрама кеше Гонконг спортшыларынан 25:1 (8:0, 5:0, 7:1, 5:0) есебімен басым түсті.
Ертең қазақстандық ватерполшылар Жапония спортшыларымен ойнайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Су добы. Қазақстан – Өзбекстан – 14:7&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25102/)