![Инчхон-2014. Қазақстандық қыздар пневматикалық винтовка атудан 12-ші орында](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79442.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қыздары 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовка оқ атудың командалық жарысында 12-ші орында тұрақтады.
Жарыстың бұл түрінен Қытай қыздары 1-ші, Иран спортшылары 2-ші орын алса, Оңтүстік Корея елінің өкілдері қола медаль иеленді.
Қазақстан құрамасының мүшелері Александра Малиновская, Ольга Довгун мен Елизавета Лунина 12-ші нәтиже көрсетті.
Оқ ату. Пневматикалық винтовка. 10 метр. Әйелдер. Командалық жарыс. Инчхон (Оңтүстік Корея)
1. Қытай — 1253,8
2. Иран — 1245,9
3. Оңтүстік Корея — 1241,6
12. Қазақстан — 1220,6.
Фото: inform.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Инчхон-2014. Қазақстандық қыздар пневматикалық винтовка атудан 12-ші орында&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25143/)