![Инчхон-2014. Қазақстандық спортшылар семсерлесу жарысының ширек финалына өте алмады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79444.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында семсерлесудің шпага түрінен жарыстар басталды.
Іріктеу кезеңінен өткен қазақстандық Жәмилә Жүнісбаева (5 кездесудің 3-де жеңген) мен Ульяна Балаганская 1/8 финалға өткен еді.
Жәмилә ширек финалға өту үшін сингапурлық Черил Лиммен кездесіп, тартысты бәсекеде 11:12 есебімен есе жіберді.
Ал Ульяна Балаганская іріктеу кезеңінде 1 рет қана жеңіліп, 1/4 финалдық бәсекеге өту үшін Гонконг елінің өкілі Чуй Линг Юнгпен семсерлесті. Өкінішке қарай, қазақстандық спортшы 15:9 есебімен жеңіліп, келесі кезеңге өтпей қалды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Инчхон-2014. Қазақстандық спортшылар семсерлесу жарысының ширек финалына өте алмады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25147/)