![Инчхон-2014. Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы жартылай финалға шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79458.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Инчхондағы Азия ойындарында теннисші Александр Недовесов пен Михаил Кукушкин Қазақстан құрамасын жартылай финалға алып шықты.
Осы жарыстың 1-ші нөмірі саналатын еліміздің ерлер құрамасы Үндістан спортшыларын (6-шы нөмір) 2:0 есебімен ұтты.
Александр Недовесов Санама Кришана Сингхты 7:6 (5), 7:6 (3) есебімен ұтса, Михаил Кукушкин Юки Бхамбриді 6:2, 6:7 (8), 6:1 есебімен жеңді.
Енді жартылай финалда қазақсандық теннисшілер Өзбекстан құрамасымен ойнайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Инчхон-2014. Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы жартылай финалға шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25176/)