![Су добы. Қазақстан мен Жапония 7:7 есебімен тең түсті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79462.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық ватерполшы қыздар екінші ойынын Жапония құрамасымен өткізді.
Бұл ойын 7:7 (3:2, 1:3, 2:2, 1:0) есебімен аяқталды.
Ертең қазақстандық қыздар Сингапурмен кездеседі, ал төртінші ойындағы қарсыласы - Қытай құрамасы.
Айта кетейік, алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Өзбекстан құрамасын 14:8 есебімен ұтқан еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Су добы. Қазақстан мен Жапония 7:7 есебімен тең түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25185/)