![Инчхон-2014. Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы қола медальді иеленді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79493.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласындағы Азия ойындарында теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы қола медальді иеленді.
Қазақстандық теннисшілер жартылай финалда Тайпэй құрамасымен кездесіп, 1:2 есебімен ұтылып қалды.
Алғашқы ойында Юлия Путинцева Юнг Ян Чаннан 4:6, 1:6 есебімен ұтылды. Ал екінші ойында Ярослава Шведова Хсей Су Вэйді 6:3, 7:6 (4) есебімен жеңіп, таразы басын теңестірген еді.
Шешуші жұптық ойында Тайпэй қыздары басым түсті. Есеп – 0:6, 2:6.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Инчхон-2014. Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы қола медальді иеленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25250/)